Шахмат – сезіну, шапшаңдық, шыдамдылық және аналитикалық ойлауға, өзі үшін күресе білуге, логикалық ойлау қабілетінің дамуына зор ықпал еткен. Шахмат тастарын қалыптастырушылардың бірі Цессолес өз заманында: «Шахмат тақтайшасындағы әрбір тастың өмірдегі атқаратын құқығымен қатар, міндеттері бар», – деп бекер айтпаса керек.8-наурыз “Халықаралық әйел-қыздар мерекесі” қарсаңында махалла жастар жетекшісімен серіктестікте мектебімізде “7 жастан 70 жасқа дейінгі Шахматшылар” жарысы болып өтті. Талантты тану, баланың шамшырағын жағу – кез келгеннің қолынан келе бермес іс. Соның ішінде ата-ана үшін баланың өмірлік мақсатын қалыптастырып, арманына қол жетуге көмек қолдау көрсету – басты міндет. Мектепте ұйымдастырылған спорттық жарысқа ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары белсене қатысты. Жас-кәріні бірдей жарысқа түсіріп, жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтауға белсене бел байлаған бапкерлеріміз 28-мектеп бастауыш сынып оқытушысы Аймуратова Гулшат апаймен, Кенимех ауданына қарасты балалар спорт мектебі бапкері Ержанов Сабыр ағайлардың еңбегі ерен. Біз мектебімізде осындай спорттық жарыстарды ұйымдастарар екенбіз, балалардың болашағын ойлап, тек спорт жарысының қатысушысы болып қана қоймай, көппен араласып дүние танымын кеңейтуге, сөздік қорды молайтуға өз септігімізді тигіздік деп ойлаймыз. Осы мерекелік іс-шрамызға аудан әкімі, спорт мектебі басшылығы және аудандық тәлім басқармасы әдіскерлері қонаққа келді. Атап өту керек, мектебіміз оқушылары Амірбаев Жусіп 11-сынып 1-орынды, Бисенов Еркебұлан 7-“А” сынып 2-орынды, және Ергешова Умида 9-сынып оқушысы 1-орынды иеледі. Қатысушылар демеушілер жағынан сыйлықтармен марапатталды.